«АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ 3.0» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ



ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫЛЫҚТАР!

«Алматы Жастары 3.0» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасы шеңберіндегі өтініштер мен құжаттарды қайта қабылдау 2020 жылғы «1» қыркүйектен бастап «15» қыркүйек аралығында жүргізілетіндігін хабарлаймыз.

Бұл ретте денсаулық сақтау және білім беру салалары (санаттары) бойынша резервке енгізілген тізімдердің болуын ескере отырып, өтініштер мен құжаттарды қабылдау келесі салалар (санаттар) бойынша жүргізіледі: мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала.

Шарттар мен қажетті құжаттар

Негізгі талаптар, Қатысушыны таңдау механизмі және Берілу алгоритмі

Бюджет – 13 млрд. теңгеге дейін:

Қарыздың ең жоғары сомасы – 13 млн. теңгеге дейін;

Пайыздық мөлшерлеме – 5%;

Бастапқы жарна - 10%;

Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;

Қамту - 1000 адам.

• Өтініш пен құжаттарды беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады, оны ХҚКО-нан алуға болады.

1. Қазақстан Республикасының Азаматтығы;

2. Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда), өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;

3. Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлес немесе жалға берілетін тұрғын үй, бұған: жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы нәтижесінде бағдарламаға қатысушы немесе кәмелетке толғанға дейін отбасы мүшелері алған жылжымайтын мүліктегі үлесті жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда;

4. Қатысушының ресми жұмыс өтілі келесі санаттар бойынша Алматы қаласында кем дегенде соңғы 6 ай, міндетті зейнетақы мөлшерлемесімен болу қажет: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала (санаттағы неғұрлым толық сипаттамамен («АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ 3.0» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ) бөлімінен танысуыңызды сұраймыз.

5. Қосымша Алматы қаласында тіркелген, жарты жылдан кем емес мерзімде әрекет ететін ЖК (бар болса) (аталған талап, мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға ғана қатысты).

1) Үлгі бойынша өтініш;

2) Білім туралы сканерленген құжат;

3) 2008 жылға дейін алынған неке қию туралы сканерленген куәлік (бар болса);

4) 2008 жылға дейін алынған балалардың туу туралы сканерленген куәлігі (бар болса);

5) Өтініш берушіге және Қазақстан Республикасы бойынша барлық отбасы мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

6) Белгіленген үлгідегі фирмалық бланкіде жұмыс өтілі көрсетілген, өтініш пен құжаттарды тапсырған күнге 10 жұмыс күннен артық емес мерзімде берілген сканерленген жұмыс орнынан анықтама;

7) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжаттар;

8) Алматы қаласы мәдениет басқармасынан сканерленген растайтын анықтамалар (құжаттар) (аталған талап, мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға ғана қатысты).

Санаттар бойынша тізімдерге кезекке сәйкес қосу жинаған балдардың санымен (ең көп балл саны бойынша) анықталады.

Тұрғын үй заемдарын бөлу бөлек санаттар (салалар бойынша) бойынша жүргізіледі:

1. Мәдениет саласының қызметкерлері, атап айтқанда: техникалық персоналды қоспағанда, мәдениет саласындағы шығармашылық одақ мүшелері, мәдениет саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық мекеме ұйымдарының қызметкерлері.
Сондай-ақ, Алматы қаласының Мәдениет басқармасының жанында сәйкес анықтама беру арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған жас композиторлар, жас музыканттар, жас артист-актерлар, жас кинематографистер (актерлар, режиссерлер, сценаристер, операторлар, продюсерлер, суретші-безендірушілер) жас жазушылар, жас суретшілер, жас қолөнершілер, жас мүсіншілер, жас дизайнерлер, жас архитекторларды іріктеу үшін комиссия құру жоспарлануда. Лауазымдар тізімімен, сілтемені басу арқылы табуға болады.

2. Спорт саласының қызметкерлері, атап айтқанда: Алматы қаласының спорт саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарында еңбек қызметін жүзеге асыратын спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушылар. Лауазымдар тізімімен, сілтемені басу арқылы табуға болады.

3. ЖОО және ҒЗИ қызметкерлері, атап айтқанда: ұлттық жоғары оқу орындарының, мемлекеттік қалалық және республикалық ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері. Лауазымдар тізімімен, сілтемені басу арқылы табуға болады.

4. Журналистер, атап айтқанда: тікелей өндірістік қызметпен айналысатын журналистер мен БАҚ қызметкерлері. Лауазымдар тізімімен, сілтемені басу арқылы табуға болады.

5. Әлеуметтік сала қызметкерлері, атап айтқанда: техникалық персоналды қоспағанда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қалалық ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлер. Лауазымдар тізімімен, сілтемені басу арқылы табуға болады.

6. Денсаулық сақтау, атап айтқанда: Алматы қаласының Денсаулық сақтау саласындағымемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарында жұмыс істейтін жоғары және орта буын медицина қызметкерлері. Лауазымдар тізімімен,сілтемені басу арқылы табуға болады.

7. Білім, атап айтқанда: Алматы қаласының Білім саласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық мекемелерінде жұмыс істейтін, тиісті жоғары және орта білімі барпедагог қызметкерлері. Лауазымдар тізімімен,сілтемені басу арқылы табуға болады.

Өтінім берушілерде баллдар тең болған жағдайда, өтініш пен құжаттарды беру уақыты мен күні ерте тапсырған қатысушы басымдыққа ие болады.

Өтініш берушілердің тізімі баллдық жүйені ескере отырып Санаттар (салалар) бойынша қалыптастырылады (баллдардың ең көп саны бойынша):

Өлшемдер Баллдар ҚОСАЛҚЫ ҰПАЙ САНЫ
Тіркелген некедегі әрбір жыл үшін 2
1 (бір) бала болған жағдайда 1 әрбір кейінгі бала үшін - 2
Осы санаттағы (саладағы) өтілінің әрбір жылы үшін 2
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындығы үшін 5

Жолдама немесе бас тарту осы сайттағы жеке кабинетке беріледі. Жолдаманы алған өтініш берушілер 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін "ҚТҚЖБ" АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.

Мекен-жай тізімі сайтта қолжетімді https://www.hcsbk.kz/contacts/.

Өтініш берушілер "ҚТҚЖБ" АҚ келмеген жағдайда Алматы қаласының әкімдігі келесі қатысушыға тізім бойынша жолдама беруге құқылы.

1. «ҚТҚЖБ» АҚ-да төлем қабілетін бағалау үшін жолдама;

2. Клиенттің және клиент жұбайының жеке басын куәландыратын құжат (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);

3. Некеге тұру / Некені бұзу туралы куәлік / Қайтыс болу туралы куәлік (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);

4. Балалардың туу туралы куәліктері (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);

5. Барлық ұсталған соманы көрсету арқылы жалақы туралы анықтама (соңғы 7 немесе 13 айға);

6. e-gov.kz веб-порталынан клиенттің және клиент жұбайының зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме (соңғы 6 немесе 12 айға);

7. «Бірінші несие бюросы» ЖШС-дан несие тарифы e-gov.kz веб-порталында немесе ХҚО-да беріледі.

Қосымша (болған жағдайда)::

1. Зейнетақы кітабы немесе зейнетақы куәлігі (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);

2. Зейнетақы мөлшері туралы ЕДБ карта шотынан үзінді көшірме немесе зейнетақы мөлшері туралы ЗТМО-дан анықтама;

3. Шәкіртақы мөлшерін растайтын құжат;

4. Біліктілікті көтеруге жолдама туралы бұйрық және қызметті сақтау туралы анықтама;

5. Шоттан үзінді көшірме мен тұрғын үй төлемдерін алу туралы анықтама (6 айға және одан көп).

1. ЖК қайта тіркеу туралы хабарлама, талон, сондай-ақ, бар болған жағдайда ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (түп нұсқа және көшірме);

2. Қарыздың жоғы туралы салық органынан анықтама;

3. Соңғы есепті жылға салық есебі (200 н., 240 н., 220 н.);

4. Соңғы есепті жылға табысты көрсету мен кәсіпкерлік қызметке патент;

5. Салық органының белгісі мен соңғы есепті жылға декларация (911.00 нысан) (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);

6. Кіші бизнес субъектілері үшін соңғы есепті жылға оңайлатылған декларация (911.00 нысан);

7. Салық төлеуші салық есебін бергені туралы хабарлама (растау);

8. Жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттары / ЖК және СЗЛ кәсіпкерлік қызметін жүргізу орындары және/немесе жылжымайтын мүлікті жалдау шарттарының көшірмелері/бизнес орындары (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);

9. Кәсіпкерлік қызмет объектісінің фотосуреттері (6 және одан көп дана, ішінен және сыртынан);

10. Ағымдағы лицензия, егер аталған қызмет түрі лицензиялауға жататын болса (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);

11. Банктік шот бойынша үзінді көшірме;

12. Жеке қызметті растайтын қолданыстағы шарттар/келісімшарттар (болған кезде) (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);

13. Болған жағдайда касса аппаратының деректері (банк маманының шығу уақытының алдындағы уақыт кезеңі үшін, өткен ағымдағы күн үшін);

14. Несие өтінімін берген айдың алдындағы соңғы 3 күнтізбелік айға табыстар/шығыстар туралы жазбалар (осы тармақшаның 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды беруге мүмкіндік болмаған жағдайда беріледі).

Қатысушы банк рәсімінен өтпеген жағдайда, Әкімдік келесі қатысушыға тізім бойынша жолдама беруге құқылы.

Банк біліктілігін өткеннен кейін, 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде қатысушы тұрғын үйді таңдап, құжаттарды "ҚТҚЖБ" АҚ-ға ұсынуға міндетті.

Егер қатысушы белгіленген мерзімде тұрғын үй ала алмаған жағдайда, Әкімдік келесі қатысушыға жолдама беруге құқылы.

Қосымша ақпарат алу үшін, келесі телефондар арқылы хабарласыңыз:

ТЕЛЕФОН МЕКЕМЕ
+7 (727) 225 14 57
+7 (727) 225 14 44
Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы
300 (ұялы телефон үшін)
8-8000-801-880 (ұялы телефон үшін)
«ҚТҚЖБ» АҚ тегін қолдау телефондары

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз

Құжаттар мен өтініштерді қабылдауға қалды:
Бірінші қабылдау бойынша түскен өтініштердің жалпы саны: 3 220
Екінші қабылдау бойынша түскен өтініштердің жалпы саны: 5 471
Үшінші қабылдау бойынша түскен өтініштердің жалпы саны: 1 908
Мәдениет саласы бойынша өтініштер берілді:
224
Спорт саласы бойынша өтініштер берілді:
91
ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері саласы бойынша өтініштер берілді:
697
Әлеуметтік сала бойынша өтініш берілді:
795
БАҚ саласы бойынша өтініштер берілді:
101