«АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ!

«Алматы Жастары» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасы шеңберіндегі өтініштер 2021 жылғы 10 наурыздан бастап 31 наурыз аралығында жүргізілетіндігін хабарлаймыз.


Сондай-ақ қатысушыларда өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың барлық мерзіміне тапсырған өтінішті қайта өңдеу, құжаттарды толықтыру мүмкіндігі бар екенін еске саламыз. Ұсынған құжаттардың тізімімен кабинеттегі өтінім карточкасын жүктеу арқылы танысуға болады.

Шарттар мен қажетті құжаттар

Негізгі талаптар, Қатысушыны таңдау механизмі және Берілу алгоритмі

  • Бюджет– 18 млрд. теңгеге дейін:
  • Қарыздың ең жоғары сомасы– 18 млн. теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна - 10%;
  • Алынатын тұрғын үй – Алматы қаласында орналасқан бастапқы / қайталама тұрғын үй, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы қолданысқа енгізілген / салынып жатқан тұрғын үй («Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның қатысуымен);
  • «Отбасы банк» АҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес төлем қабілеттілікті растау;
  • Қамту- 1000 адамнан кем емес.

Өтініш пен құжаттарды беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады, оны ХҚКО-нан алуға болады.

https://almaty-zhastary.kz/images/chimkent_imgs/AlgKz.png

1.    Қазақстан Республикасының Азаматтығы;

2.    Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда), өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;

3.    Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлес немесе жалға берілетін тұрғын үй, бұған: бағдарламаға қатысушының немесе отбасы мүшелерінің кәмелетке толғанға дейін алған жылжымайтын мүліктегі үлесті және жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда;

4.    Қатысушының Алматы қаласында келесі санаттар бойынша міндетті зейнетақы мөлшерлемесімен кем дегенде соңғы 6 ай ішінде жұмыс өтілінің болуы: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала және құқық қорғау органдары (санаттағы неғұрлым толық сипаттамамен «АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ» бөлімінен танысуыңызды сұраймыз);

5.    Қосымша Алматы қаласында тіркелген, 1 жылдан кем емес мерзімде әрекет ететін ЖК (бар болса) (аталған талап, мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға ғана қатысты).

Қарастыруға өтініш пен құжаттарды берген күнге 10 күнтізбелік күннен ерте берілмеген келесі сканерленген құжаттар қабылданады:

  1. Үлгі бойынша өтініш. Өтініш үлгісін жүктеу;
  2. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің сканерленген куәлігі (балардың туу, қайтыс болу, неке (ерлі-зайыптылықты) қию, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу);

  3. Өтініш берушіге және барлық отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамасы;

  4. Белгіленген үлгідегі ұйымның/мекеменің фирмалық бланкісінде анықтаманың берілген күнін, шығыс нөмерін, жұмысқа тұрған күнін мен қызметтік лауазымын көрсетіп берілген жұмыс орнынан анықтамасы. Ресми бланкі болмаған жағдайда, анықтамада ұйымның мөрлері болуы тиіс;

  5. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар;

  6. БАҚ-қа есепке қою куәлігі (аталған талап журналистер саласының қатысушыларына қатысты).

  7. Қосымша (болған жағдайда) Алматы қаласы Мәдениет басқармасынан растайтын анықтамалар (құжаттар) (аталған талап мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға қатысты);

Санаттар бойынша тізімдерге кезекке сәйкес қосу жинаған балдардың санымен (ең көп балл саны бойынша) анықталады.

Тұрғын үй заемдарын бөлу бөлек санаттар (салалар бойынша) бойынша жүргізіледі:

1.    Денсаулық сақтау, атап айтқанда: мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда;

2.    Білім, атап айтқанда: мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда;

3.    Мәдениет, атап айтқанда: мәдениет саласындағы 10 шығармашылық одақтың мүшелері (Қазақстан жазушылар одағы, Композиторлар одағы, Суретшілер одағы, Жас суретшілер одағы, Дизайнерлер одағы, Қазақстан Республикасы театр қайраткерлері одағы, Қазақстан Республикасы сәулетшілер одағы, Кинематографистер одағы, Қазақстан Республикасы музыка қайраткерлері одағы, Шеберлер одағы), мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, сондай-ақ Алматы қаласының Мәдениет басқармасының анықтамасы бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәдениет саласының қатысушылары, мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда;

4.    Спорт, атап айтқанда: мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда;

5.    ЖОО және ҒЗИ, атап айтқанда: ұлттық жоғары оқу орындарының, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметті іске асыратын мемлекеттік қалалық және республикалық кәсіпорындардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда;

6.    Журналистер, атап айтқанда: БАҚ-қа есепке қою куәлігі бар ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда;

7.    Әлеуметтік сала, атап айтқанда: мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда;

8.     Құқық қорғау органдары, атап айтқанда: мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдардың/мекемелердің штаттық қызметкерлері, бұл ретте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мекемелерінің ішінде тек Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қатыса алады.

Өтінім берушілерде баллдар тең болған жағдайда, өтініш пен құжаттарды беру уақыты мен күні ерте тапсырған қатысушы басымдыққа ие болады.

Өтініш берушілердің тізімі баллдық жүйені ескере отырып Санаттар (салалар) бойынша қалыптастырылады (баллдардың ең көп саны бойынша):

ӨЛШЕМДЕР

БАЛЛДАР

ҚОСАЛҚЫ ҰПАЙ САНЫ

Тіркелген некедегі әрбір жыл үшін

2

 

1 (бір) бала болған жағдайда

1

әрбір кейінгі бала үшін - 2

Осы санаттағы (саладағы) өтілінің әрбір жылы үшін

2

 

«Отбасы банк» АҚ-да төлем қабілетін бағалау үшін жолдама немесе бас тарту осы сайттағы жеке кабинетке беріледі. Жолдаманы алған өтініш берушілер 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін «Отбасы банк» АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.

Мекен-жай тізімі сайтта қолжетімді https://www.hcsbk.kz/contacts/.

Өтініш берушілер «Отбасы банк» АҚ келмеген жағдайда Алматы қаласының әкімдігі жолдаманы жойып, келесі қатысушыға тізім бойынша жолдама беруге құқылы.

  1. «Отбасы банк» АҚ-да төлем қабілетін бағалау үшін жолдама;
  2. Клиенттің және клиент жұбайының жеке басын куәландыратын құжат (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
  3. Некеге тұру / Некені бұзу туралы куәлік / Қайтыс болу туралы куәлік (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
  4. Балалардың туу туралы куәліктері (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
  5. Барлық ұсталған соманы көрсету арқылы жалақы туралы анықтама (соңғы 7 немесе 13 айға);
  6. e-gov.kz веб-порталынан клиенттің және клиент жұбайының зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме (соңғы 6 немесе 12 айға);

Қосымша (болған жағдайда):

  1. Зейнетақы кітабы немесе зейнетақы куәлігі (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
  2. Зейнетақы мөлшері туралы ЕДБ карта шотынан үзінді көшірме немесе зейнетақы мөлшері туралы ЗТМО-дан анықтама;
  3. Шәкіртақы мөлшерін растайтын құжат;
  4. Біліктілікті көтеруге жолдама туралы бұйрық және қызметті сақтау туралы анықтама;
  5. Шоттан үзінді көшірме мен тұрғын үй төлемдерін алу туралы анықтама (6 айға және одан көп).

Банктің қосымша құжаттар талап ету құқығы бар!

  1. ЖК қайта тіркеу туралы хабарлама, талон, сондай-ақ, бар болған жағдайда ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (түп нұсқа және көшірме);
  2. Қарыздың жоғы туралы салық органынан анықтама;
  3. Соңғы есепті жылға салық есебі (200 н., 240 н., 220 н.);
  4. Соңғы есепті жылға табысты көрсету мен кәсіпкерлік қызметке патент;
  5. Салық органының белгісі мен соңғы есепті жылға декларация (911.00 нысан) (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
  6. Кіші бизнес субъектілері үшін соңғы есепті жылға оңайлатылған декларация (911.00 нысан);
  7. Салық төлеуші салық есебін бергені туралы хабарлама (растау);
  8. Жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттары / ЖК және СЗЛ кәсіпкерлік қызметін жүргізу орындары және/немесе жылжымайтын мүлікті жалдау шарттарының көшірмелері/бизнес орындары (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
  9. Ағымдағы лицензия, егер аталған қызмет түрі лицензиялауға жататын болса (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
  10. Банктік шот бойынша үзінді көшірме;
  11. Жеке қызметті растайтын қолданыстағы шарттар/келісімшарттар (болған кезде) (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
  12. Болған жағдайда касса аппаратының деректері (банк маманының шығу уақытының алдындағы уақыт кезеңі үшін, өткен ағымдағы күн үшін);
  13. Несие өтінімін берген айдың алдындағы соңғы 3 күнтізбелік айға табыстар/шығыстар туралы жазбалар (осы тармақшаның 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды беруге мүмкіндік болмаған жағдайда беріледі).

    Банктің қосымша құжаттар талап ету құқығы бар!

Қатысушы банк рәсімінен өтпеген жағдайда, Әкімдік келесі қатысушыға тізім бойынша жолдама береді.

Қатысушы Банк біліктілігін өткеннен кейін хабарлама алған күннен, 45 (қырық бес) күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйді таңдап, құжаттарды «Отбасы банк» АҚ-ға ұсынуға міндетті.

Егер қатысушы белгіленген мерзімде тұрғын үй ала алмаған жағдайда, Әкімдік келесі қатысушыға жолдама береді.

Қосымша ақпарат алу үшін, келесі телефондар арқылы хабарласыңыз:

ТЕЛЕФОН МЕКЕМЕ
+7 (727) 225 14 57
+7 (727) 225 14 44
Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы
300 (ұялы телефон үшін) «Отбасы банк» АҚ-ның тегін қолдау телефондары

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз


Ұсынылған өтініштердің жалпы саны: 9741
Денсаулық сақтау саласы бойынша өтініштер берілді:
2 614
Білім беру саласы бойынша өтініштер берілді:
3 560
Мәдениет саласы бойынша өтініштер берілді:
348
Спорт саласы бойынша өтініштер берілді:
98
ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері саласы бойынша өтініштер берілді:
1 103
Әлеуметтік сала бойынша өтініш берілді:
715
БАҚ саласы бойынша өтініштер берілді:
172
Құқық қорғау органдары саласы бойынша өтініштер берілді:
1 131