Программа кредитования молодежи города Алматы

Шарттар мен қажетті құжаттар

Негізгі талаптар, Қатысушыны таңдау механизмі және Кредиттік алгоритм

«Алматы жастары» Бағдарламасына қатысушылардың Бағдарламаның талаптарына келесі сәйкессіздіктер анықталды:

  1. Өтініш берушінің немес зайыбының жасы 35-тен асып кетті;
  2. Өтініш берушінің немесе отбасы мүшелерінің Алматы қаласында тіркеуі болмады, не болмаса өтініш берушінің немесе зайыбының Алматы қаласында 1 жылдық тұрақты тіркеуі болмады;
  3. Бағдарламаға қатысушының не оның отбасы мүшелерінің бірлескен ортақ меншігінде үлестерінің немесе тұрғын үйлерінің болу фактісі анықталды;
  4. Бағдарламаға қатысушының не оның отбасы мүшелерінің соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан тұрғын үйді айырбастау фактісі анықталды;
  5. Бағдарламаға қатысушыларының Алматы қаласында жарты жылдық (6 ай) жұмыс өтілі болмады. Аталған талаптар сәйкессіздігі кезінде қатысушылар халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жатпады.

«Алматы жастары» Бағдарламасының қатысушылары құжаттар мен өтініштер беру кезінде келесі қателіктерді жіберді:

  1. Алматы қаласы көші-қон қызметі Басқармасынан Алматы қаласындағы әр түрлі мекенжай бойынша тіркеуді растайтын анықтамалар болмады;
  2. Қажетті құжаттар мен түсірілген суреттер көшірмелерінің сапасыз сканы жапсырылған;
  3. Ажырасқан азаматтар алдыңғы неке жылының санын күші бар неке ретінде есептеген;
  4. Өтініште мәлімделген көшірмелер «ТҮҚЖБ» АҚ көшірмелерімен расталмады;
  5. Жұмыс өтілі, неке тіркеуінің уақыты дұрыс емес көрсетілген (дөңгелектенген).
  • 35 жасқа дейінгі Алматы қаласының жастары қатысады;
  • Бюджет – кем дегенде 1 млрд. теңге;
  • «ТҮҚЖБ» АҚ-да қарыздың максималды сомасы –10 млн. теңгеге дейін;
  • Несиенің пайыздық мөлшерлемесі – 5%;
  • Кепілді қамтамасыз етуі сатып алынған тұрғын үй болып табылады. Кепілді қамтамасыз етуі жетпеген жағдайда, жылжымайтын мүлік немесе «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да тұрғын үй құрылыс жинақтары түрінде қосымша кепіл қажет;
  • Өтініштерді және құжаттарды беру электрондық үкіметтің egov.kz порталы және Алматы қаласы әкімдігінің almaty.gov.kz. порталының көмегімен www.almaty-zhastary.kz өтінімдерді қабылдау порталы арқылы жүзеге асырылады. www.almaty-zhastary.kz өтінімдерді қабылдау порталында авторизация электрондық цифрлік қолтаңба арқылы жүргізіледі. Оны ХҚО- дан алуға болады.
  • Тұрғын үйді Қатысушылар пайдалануға жаңадан енгізілген тұрғын үй кешендерінен бастапқы нарықта өз еркімен таңдайды.

Келесі талаптарға сай келетін Алматы қаласының жастарынан 10 жұмыс күні ішінде құжаттар мен өтініштер қабылданатын болады:

1. Өтініш беру кезіне Қатысушы және жұбайының жасы 35 жасқа дейін болуы тиіс. Бағдарламаға қатысуға негізгі Қатысушы ретінде тек ерлі- зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;

2. Өтініш беру кезіне ерлі-зайыптылардың екеуінде де, Алматы қаласында кем дегенде 1 жыл тұрақты тіркеудің болуы , сондай-ақ онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (кәмелетке толмаған балалар және т.б.) Алматы қаласында тұрақты тіркеудің болуы;

3. Қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайының, кәмелетке толмаған балалардың), сондай-ақ отбасы мүшесіне қосылған және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында сатып алумен жалдамалы тұрғын үйдің немесе меншік құқығында тұрғын үйдің (ортақ бірлескен меншіктегі, тұрғын үйдің бірлігі ретінде осы тармақта көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлестің) болмауы. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатымен тұрғын үйге мұқтаж азаматтар Бағдарламаға қатыса алмайды;

4. Қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайының, кәмелетке толмаған балалардың), сондай-ақ отбасы мүшесіне қосылған және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасы аумағында соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығына тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару немесе тұрғын үй- жайларды ауыстыру арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы ;

5. Қатысушының Алматы қаласында ресми жұмысының өтілі кем дегенде жарты жыл немесе кем дегенде жарты жыл мерзіммен Алматы қаласында тіркелген қолданыстағы ЖК.

Аталған талап «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабының 2), 3), 4), 6), 9) тармақшаларында көрсетілген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына, атап айтқанда:

- 1 және 2 топтағы мүгедектерге;

- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасыларға;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

- кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;

- 4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы/балалары бар көп балалы отбасыларға;

- 1 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы/балалары бар толық емес отбасыларға қарастырылмайды.

6. Кепілді қамтамасыз етуі сатып алынатын тұрғын үй болып табылады. Кепілді қамтамасыз етуі жетпеген жағдайда, жылжымайтын мүлік немесе «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да тұрғын үй құрылыс жинақтары түрінде қосымша кепіл қажет.

Өтініш пен құжаттар www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы тапсырылатындықтан, негізгі құжаттар (жеке куәлік, 2008 жылдан кейін туған балалардың туу туралы куәліктері, 2008 жылдан кейін тіркелген неке туралы куәлік) ЭҮӨШ порталымен автоматты түрде қалыптасады және өтінімге қоса тіркеледі. Қатысушыға тек келесі сканерленген құжаттарды (фотосуреттер және ақ-қара түсті сканерленген құжаттар қарастырылмайды):

1) еңбек өтілін, шығыс нөмірін және берілген күні өтініш пен құжаттарды тапсыру кезіне 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімді көрсетумен ұйымның реквизиттерімен ресми бланкіде өтініш берушінің жұмыс орнынан анықтама. Ресми бланкі болмаған жағдайда, анықтамада ұйымның мөрлері болуы тиіс.

2) өтініш пен құжаттарды тапсыру кезіне бір ай бұрын берілген шоттың жағдайы туралы «ТҮҚЖБ» АҚ-дан үзінді көшірме/анықтама;

3) некеге тұру (некені бұзу), жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік;

4) балалардың туу туралы куәліктері, қамқорлықты белгілеу туралы әкімнің өкімі;

5) минимум жарты жылға қызметі бойынша айналымдарымен декларацияны (кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған режимі немесе салық салудың ортақ белгіленген тәртібі бойынша жүргізген жағдайда) немесе есеп айырысуларды көрсетумен, ЖК болуы туралы хабарлама;

6) белгіленген нысан бойынша өтініш берушіде немесе балада/балаларда мүгедектіктің немесе ҚР Үкіметінің қаулысында көрсетілген созылмалы аурулардың кейбір ауыр түрлерінің болуын растайтын анықтама.

7) жеке куәлік, 2008 жылға дейін туылған балалардың туу туралы куәліктері, 2008 жылға дейін тіркелген неке туралы куәлік және электрондық үкіметтің порталы автоматты түрде шығармайтын құжаттар.

Тізімге қосу кезегі жинаған балл санымен анықталады. Өтініш берушілердің балл саны бірдей болған кезде, мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметкерлерге, меншік нысанына қарамастан білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне жататын қатысушылардың басымдығы болады.

Соңғы тізімге қосу туралы шешім ең көп дауыспен Алматы қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясы қабылдайды.

Өтініш берушілердің тізімі балл жүйесін (ең көп балл саны бойынша) есепке алумен жасалады.

КРИТЕРИЛЕР БАЛЛ САНЫ
тіркелген некедегі әр жылға 2
бірінші балаға 10
әр келесі балаға 15
Алматы қаласындағы ұйымдардағы өтілдің әр жылына * 2
Алматы қаласындағы басқа мекемелердегі өтілдің әр жылына 1
халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жатқаны үшін ** 10
Алматы қаласында қолданыстағы жеке кәсіпкерліктің (ЖК кем дегенде бір жыл жұмыс істеу керек) әр жылына 1.5
Алматы қаласында тұрақты тіркеудің әр жылына 1
«ТҮҚЖБ» АҚ-да шотқа бастапқы жарнаның әр 5 %, сонымен бірге минималды бастапқы жарна 10%-дан.
(1 млн.теңгеге жуық) жарнаның ең жоғарғы сомасы 50%-ға дейін
10

*оларға:: мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, меншік нысанына арамастан білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері;

**«Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасының қандай талаптарына мен сай болу керекпін?» тарауының 5 тармағында халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары көрсетілген

Төлем қабілеттілік бағасын өтуге жолдама алу үшін өтініш берушілердің алдын ала тізімге қосылған Қатысушалырдың тізімдері Алматы қаласы Әкімдігінің (www.almaty.gov.kz), Алмат қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы (www.uzh-almaty.kz) және «ТҮҚЖБ» АҚ» (www.hcsbk.kz) сайттарында орналастырылады.

Жолдама немесе негізделген бас тарту ЭҮӨШ порталында жеке кабинетке жіберіледі. Жолдама алған өтініш берушілерге төлем қабілеттілік бағасын өту үшін «ТҮҚЖБ» АҚ-ның кез-келген қызмет көрсету орталығына 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүгіну қажет. Мекен жайы: Алматы қ., Республика Алаңы, 15 (Әкімдікке қарама-қарсы) және https://www.hcsbk.kz/contacts/ сайтынан алуға болады.

Банкке бармаған жағдайда, Алматы қаласының әкімдігі жолдаманы тізім бойынша келесі Қатысушыға беруге құқылы.

Алдын ала тұрғын үй қарыздарын алу үшін «ТҮҚЖБ» АҚ-ға алып келетін құжаттар:

1. Клиенттің және клиент жұбайының жеке басын куәландыратын құжат (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);

2. Некеге тұру / Некені бұзу туралы куәлік / Қайтыс болу туралы куәлік (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);

3. Балалардың туу туралы куәліктері (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);

4. e-gov.kz веб-порталынан мекенжай анықтамасы, 3 ай аралығында жарамды;

5. Отбасының барлық мүшелеріне (жұбайына, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларға) ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің жоғы (бары) туралы анықтама 1 күнге жарамды;

6. Барлық ұсталған соманы көрсету арқылы жалақы туралы анықтама (соңғы 7 немесе 13 айға);

7. e-gov.kz веб-порталынан клиенттің және клиент жұбайының зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме (соңғы 6 немесе 12 айға);

8. «Бірінші несие бюросы» ЖШС-дан несие тарихы e-gov.kz веб- порталында немесе ХҚО-да беріледі.

Қосымша (болған жағдайда): 1. Зейнетақы кітабы немесе зейнетақы куәлігі (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері); 2. зейнетақы мөлшері туралы ЕДБ карта шотынан үзінді көшірме немесе зейнетақы мөлшері туралы ЗТМО-дан анықтама; 3. Шәкіртақы мөлшерін растайтын құжат; 4. Біліктілікті көтеруге жолдама туралы бұйрық және қызметті сақтау туралы анықтама;

9. Шоттан үзінді көшірмемен тұрғын үй төлемдерін алу туралы анықтама (6 айға және одан көп).

Табыстарды растаған жағдайда, жеке кәсіпкерлерге «ТҮҚЖБ» АҚ- ға келесі құжаттар алып келу қажет:

1. ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);

2. Қарыздың жоғы туралы салық органынан анықтама;

3. Соңғы есепті жылға салық есебі (200 н., 240 н., 220 н.);

4. Соңғы есепті жылға табысты көрсетумен кәсіпкерлік қызметке патент;

5. Салық органының белгісімен соңғы есепті жылға декларация (911.00 нысан) (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);

6. Кіші бизнес субъектілері үшін соңғы есепті жылға оңайлатылған декларация (911.00 нысан);

7. Салық төлеуші салық есебін бергені туралы хабарлама (растау);

8. Жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттары/ ЖК және СЗЛ кәсіпкерлік қызметін жүргізу орындары және/немесе жылжымайтын мүлікті жалдау шарттарының көшірмелері/ бизнес орындары (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);

9. Кәсіпкерлік қызмет объектісінің фотосуреттері (6 және одан көп дана, ішінен және сыртынан);

10. Ағымдағы лицензия, егер аталған қызмет түрі лицензиялауға жататын болса (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);

11. Банктік шот бойынша үзінді көшірме;

12. Жеке қызметті растайтын қолданыстағы шарттар/келісімшарттар (болған кезде) (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);

13. Кассалық аппараттың деректері (Банк маманы шығу уақытының алдындағы уақыт аралығына алдыңғы күнге және сол күнге)

14. Несие өтінімін берген айдың алдындағы соңғы 3 күнтізбелік айға табыстар /шығыстар туралы жазбалар (осы тармақшаның 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды беруге мүмкіндік болмаған жағдайда беріледі).

«ТҮҚЖБ» АҚ-ға жолдамамен жүгінгеннен және төлем қабілеттілік бағасын өту үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде Несие комитетінің оң шешімі кезінде қатысушыға банктік біліктілікті өту туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) беріледі.

Қатысушы банктік рәсімді өтпеген жағдайда, Әкімдік тізім бойынша келесі Қатысушыға жолдама беруге құқылы.

Банктік біліктілікті өткеннен кейін хабарламаны алған кезден 10 (он) жұмыс күні ішінде Қатысушы тұрғын үйді таңдауға және «ТҮҚЖБ» АҚ-ға құжаттарды тапсыруға міндетті.

Егер Қатысушы белгіленген мерзімде тұрғын үйді таңдап үлгермесе, Әкімдік келесі Қатысушыға жолдама беруге құқылы.

7 (жеті) жұмыс күні ішінде Қатысушы және «ТҮҚЖБ» АҚ банктік қарыз шартын, жылжымайтын мүліктің кепілзат шартын дайындайды және жылжымайтын мүліктің кепілзат шартын жасасады.

Жылжымайтын мүліктің кепілзат шарты 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органда және ХҚО-да міндетті тіркеуден өтуі керек. Жылжымайтын мүліктің кепілзат шартын алып келген соң, банк Қатысушыға қарыз береді.

Қосымша ақпарат үшін келесі телефондары арқылы хабарласыңыз:

ТЕЛЕФОН МЕКЕМЕ
+7 (727) 380 05 23, +7 (727) 380 05 02 Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы
300, 8-8000-801-880 «ТҮҚЖБ» АҚ тегін сенім телефондары

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз

Құрметті сайт оқырмандары!

23 қазан сағат 00:01ден бастап Алматы қаласының жастары үшін әкімдіктің бірегей бағдарламасына құжаттар қабылдау басталады! Қабылдау 3 қараша сағат 23:59-ге дейін жалғасады. Көріскенше!

Өтініштер берілді: 6 657

Список подавших заявления на Алматы Жастары

Список на 100 участников

Список 50 резервных участников